Астанада АИТВ-ны жұқтырғандардың 17 пайызын түрмеде жазаларын өтеушілер құрайды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі қалалық орталық пен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық кеңесі өтеді.
None
None

Кеңес пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-ның алдын алу мәселесіне арналатын болады.

«Пенитенциарлық мекемелер барлық елдерде АИТВ-мен өмір сүретіндердің көп шоғырланған орны болып табылады. Астанада АИТВ диагнозымен тіркелгендердің 17 пайызы темір тордың ар жағында отыр. Сондықтан, сотталушылар арасында алдын алу шараларын жүргізу - АИТВ-ның жалпы қоғамда таралуына тосқауыл қою жолдарының бірі», - деп атап өтті ЖИТС Орталығының баспасөз қызметінен.

Кеңес барысында мамандар жабық орындарда бұл індеттің алдын алу бойынша іс-әрекеттерді одан әрі үйлестіру және сотталушылар арасында іс-шараларды қолға алу мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар