Астанада Ақ Азиада қарсаңында бірінші сынақ жарысы өтеді
АЛМАТЫ. 4 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Астанада 8-12 қараша аралығында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындары қарсаңында бірінші сынақ жарысы өтеді.
Алғашқы сынақ ретінде Астанадағы республикалық велотректе шорт-тректен Қазақстанның ашық чемпионаты өткелі отыр. Оған Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды және Оралдан жалпы саны 42 ер мен 25 әйел спортшы қатысады. Сонымен бірге, жарысқа қатысуға келісім берген Түркия құрамасы да келуі мүмкін.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойынға қажетті мұз алаңы 1 қараша күні дайын болады және 7 қарашадан бастап қатысушылар жаттығуларын бастай береді.