Астанада ақ жауынның салдарынан жеке тұрғын үйдің қабырғасы құлады

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кеше, шілденің 26-сы күні Астанада ұзаққа созылған ақ жауынның салдарынан Әлімжанов көшесі, 44/2 мекен-жайында орналасқан жеке тұрғын үйдің қабырғасы құлады,

Астанада ақ жауынның салдарынан жеке тұрғын үйдің қабырғасы құлады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар бойынша жедел іс-шаралар басқармасының жетекшісі Еркен Сәкеновтың хабарлауынша, қалада 12 сағат бойы жауған жаңбырдың салдарынан Әлімжанов көшесі, 44/2  мекен-жайында азамат Лебедьтің отбасы тұратын баспананы су басып, соның салдарынан үйдің бір жақ қабырғасы жарылып, құлап түскен. Шілденің 27-сі күні 4 адамнан тұратын отбасы осы оқиға бойынша көмек сұрап Астана қаласының әкімдігінде болды.