22:38, 26 Ақпан 2024 | GMT +5
Астанада Әкелер кеңесі құрылды
АСТАНА. KAZINFORM — Алғыс айту күні қарсаңында Астана қаласы бойынша елу бір білім беру ұйымында «Даналық жобасы» аясында «Әкелер кеңесі» құрылды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Кеңесті құрудағы мақсат — отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершіліктерін арттыру.
Сондай-ақ тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.
Осы мақсат аясында қаладағы барлық «Әкелер кеңесі», «Қар десанты» челенджін өткізу қолға алынып, эстафета бір-біріне жолданып келеді.
Бүгінгі таңда олардың барлығы балалары білім алып жатқан мектеп ғимаратының қарын күреп, игілікті іс-шараға бір кісідей қатысып жатыр.