Астанада әкімнің қатысуымен веложорық ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Конституция күніне арналған және қазақстандық велоспорттың ғасырлық мерейтойы аясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «Тур де Франс-2014» қатысушысы «Астана» велокомандасының капианы Нибали Винченцоның және отандық велокоманда шабандоздарының, сондай-ақ велокоманданың бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен олимпиада чемпионы Владимир Смирновтың қатысуымен мерекелік веложорық өтті.
None
None

Веложорық Салтанат сарайы алдындағы алаңнан басталып, Астана-Арена стадионының алдындағы алаңда аяқталды. Жолдың жалпы ұзындығы 4600 метрді құрады. Оған 2 200 велошабандоз қатысты. Мәреге жеткен соң қала басшысы жиналған халықты келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.

«Конституция күні қарсаңында біз Астанадағы тағы да бір үлкен спорттық шараға куә болып отырмыз. Мұндай веложүрісті біз Астана күнінің қарсаңында да өткізген болатынбыз. Осы сайысқа жастардың көптеп қатысуы - ең алдымен Астана тұрғындарының спортқа деген құштарлығын, қызығушылығын көрсетеді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасының үлкен қамқорлығының, қолдауының арқасында біздің Астанамыз күн санап өсіп-өркендеп келе жатыр. Тың жобалар, оң өзгерістер көз алдымызда іске асып жатыр», - деп атап өтті ол.

Әкімнің айтуынша, бір ғана спортқа байланысты жобаларды алатын болсақ, қаламызда керемет әдемі, зәулім спорт кешендері салынып жатыр.

«Сонымен қатар, жақында Астанада «Велобайк» деген жобаны іске асыра бастадық. «Самұрық-Қазына» компаниясымен бірлесе отырып, Астана әкімшілігі қаланың көрікті орындарында 40 велостанса орнатты. Болашақта олардың саны 100-ге дейін жетіп, велосипедтердің саны 1000-нан асады. Мұның өзі қала халқының салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа жақын болуына септігін тигізеді деген ойдамын», - деді әкім.

Шара барысында Олимпиада чемпионы А. Винокуров қала басшысы И. Тасмағамбетовке «Астана» велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама аясында ең жас шабандоз, ең егде қатысушы және ең спорт сүйер отбасы аталымдары бойынша сыйлықтар тапсырылып, веложорыққа қатысушылардың арасында лотерея ойнатылды.

Соңғы жаңалықтар