Астанада Ақмешіт көшесі толық жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 10 қыркүйекте елордада Ақмешіт көшесінің Алматы көшесінен Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бұл көше 27 қыркүйекке дейін жабылады.