Астанада ақпанның басында алғашқы рет әлемнің ірі жарыстары - Дэвис Кубогы матчтары өтеді

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада 1-3 ақпан күндері алғаш рет әлемнің ірі жарыстары - Дэвис Кубогы матчтары өтеді.

Астанада ақпанның басында алғашқы рет әлемнің ірі жарыстары - Дэвис Кубогы матчтары өтеді

Қазақстан құрамасы кортта Австрияға қарсы шығады. Бұл қызықты кездесу болмақ, дейді ұйымдастырушылар. Атап өтерлігі, австриялықтар Кубок рейтингісінде 9-орында, ал Қазақстан - 8-орында келеді. Австрия бұл жарыстарға 78 жылдан бері қатысып келе жатқан болса, Қазақстан әлемдік топта 17 жылдан бері ғана қатысып жүр. Елордаға Австрияның бірінші ракеткасы - Юрген Мельцер келеді деп күтілуде.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы плей-офф матчында Өзбекстан құрамасын 3:1 есебімен ұтып, Әлемдік топтағы орнын сақтап қалды.

Бұдан басқа 4-10 ақпан аралығында Қазақстванда Fed Cup теннисінен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпек. Оған әлемнің 19 елінен командалар қатысып, Әлемдік топқа кіру үшін тайталасады. Біздің еліміздің әйелдер теннисі бойынша құрамасы жеңіске үміткерлердің бірі және әлемдік топқа кіруден дәмелі.