Астанада «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағарламасының қоғамдық тыңдаулары өтеді

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы  «Rixos» мейрамханасында «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының қоғамдық тыңдаулары өтеді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Бағдарламаны Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында айтылған тапсырмалары ауқымында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мемлекетттік органдармен және сарапшылармен бірлесе отырып жасады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - Қазақстанның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз ететін жағдайлар туғызу.

Қоғамдық тыңдауларда отандық ақпараттық кеңістіктің дамуы, ұлттық білім желісін құру, электрндық үкіметті дамыту, отандық БАҚ-ты жаңарту және басқа да өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ отандық ақпараттық коммуникациялық технологиялар нарығы кәсіпорындарын ынталандыру, мемлекеттік қолдау шаралары, ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларын ашу, АТ-парктер және бизнес-инкубаторлар құру мәселелері келелі әңгіме болады.

Ұйымдастырушылар - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Шараға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының, Қазақстандық АТ-компаниялар қауымдастығының Қазақстанның интернет қауымдастығының, Қазақстандық Интернеттер және ресурстарды дамыту қауымдастығының, Азаматтық Альянстың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның және басқа да ұлттық холдингілер мен компаниялардың өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар