Астанада Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған кеш өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, этнограф-жазушы Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған «Ақселеу әлемі» тақырыбында кеш өтеді.
None
None

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбек - қазақ әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымызға жарқын қолтаңбасын қалдырған көрнекті тұлға.

Кешке қатысушылар Ақселеу Сейдімбектің асқар талантының қыр-сырын ашып, қаламгердің өмір жолынан естеліктер айтатын болады. Сондай-ақ Ақселеу Сейдімбектің баяндамаларының бейнежазбасы көрсетіліп, әндері орындалады. Бұдан бөлек, «Ақселеу әлемі» тақырыбындағы кітап көрмесінде ғалымның еңбектері ұсынылады.

Кешке қоғам қайраткерлері мен жазушы, ғалымдар және Ақселеу Сейдімбектің жұбайы мен қыздары, жақын достары қатысады.

Соңғы жаңалықтар