Астанада АҚШ-тың әскери ұшқыштары рок-концерт қояды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 20 маусымда, Астанада «Бәйтерек» монументінің алаңында Starlifter АҚШ Әскери әуе күштерінің жетекші рок-тобы Open Air форматында тегін концерт өткізеді, деп хабарлады қалалық мәдениет басқармасы.  

Астанада АҚШ-тың әскери ұшқыштары рок-концерт қояды

Барша әлемге танымал әскери музыкалық ұжым «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетеді.

Рок-топ ұжымы - Құрама Штат армиясы әскери қызметшілері, кәсіби ұшқыштар.

Концертті Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өткізеді. Концерт сағат 19.00-де басталады.