Астанада «ақылды» технологиялардың ASTEX-2014 халықаралық көрме-конференциясы өз жұмысын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ASTEX-2014 халықаралық көрме-конференциясы өз жұмысын бастады. Осы шараның ашылуында ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің құттықтау сөзін оқып берді.

Астанада «ақылды» технологиялардың ASTEX-2014 халықаралық көрме-конференциясы өз жұмысын бастады

«Бүгінде ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды элементіне айналуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен интернет жүйесімен қамту деңгейінің артуы жаңа сауда түрлерінің пайда болуына, елдер арасындағы тауар айналымының артуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде әлемдік экономиканың постдағдарыстық кезеңдегі дамуында маңызды. Осы орайда ASTEX-2014 конференциясы электронды коммерцияның негізгі проблемалары мен оны шешу жолдарын және даму трендтерін айқындауға мүмкіндік беретінен сенімдімін»,-делінген К. Мәсімовтің сөзінде.

Айта кетейік, осы форумға ірі компаниялардың басшылары, инвесторлар, әлемдік интернет-бизнестің ойыншылары және сарапшылар қатысуда. Конференция аясында ынтымақтастық туралы құжаттар бекітілуде.