Астанада ақын Ж. Молдағалиевтің шығармашылығы бойынша «Мен қазақпын» атты поэтикалық марафон өтуде

СТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясына арналған ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығы бойынша «Мен қазақпын» атты поэтикалық марафон өтіп жатыр.
None
None

«Мен қазақпын» поэмасы әрбір қазақтың жүрегінде ұлттық, партиоттық сезімді ояту үшін, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін дүниеге келген. Бүгінгі күні бұл поэма біздің ұлтымызды ғана емес, бүкіл халықты біріктіру үшін, қазақ елін ұйыстыру үшін қызмет жасауда», дейді «Бір ел - бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ғалия Бөкейқызы.

Еске сала кетейік, Қазақстанда «Бір ел - бір кітап» жобасы аясында биыл Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы оқуға таңдалған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда акция аясында қыркүйектің 22-сі мен 28-і аралығында бірқатар шаралар өткізіледі. Осымен қатарынан 4-ші жыл қатарынан өткізіліп жатқан шара кезінде барлық кітапханалар мен оқу орындарында, мектептерде кітап көрмелері, әдеби кештер, зерттеушілер мен әдебиеттанушылармен кездесулер ұйымдастырылып, осы шығарманы насихаттау бойынша кітап оқушылар конференциясы, ашық сабақтар өтеді.

Кезекті акция ақиық ақын Жұбанның туғанына 90 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар