Астанада Алаш тасжолының учаскесі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — 8-12 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

ремонт дорог
Фото: Алматы әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 191 көшесінен 69 көшесіне дейінгі учаскеде Алаш тасжолына орташа жөндеу жүргізеді.

Осыған байланысты, 8-12 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Астанада Алаш тасжолының учаскесі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада әскери шеруге байланысты қай көшелер уақытша жабылатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар