Астанада «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» конференциясы өтуде

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конференция жұмысына елімізге белгілі ғалымдар, тіл жанашырлары мен Алаш зерттеушілері Бекболат Тілеухан, Алдан Смайыл, Айгүл Ісмақова, Дихан Қамзабекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Тұрсын Жұртбай, Қазтай Әбіш, Зиябек Қабылдинов, Күлән Абзулда және тағы басқа да қоғам қайраткерлері қатысуда. Ғылыми мәжіліс барысында Алаш қайраткерлерінің қазақ ғылымын танытудағы қол жеткізген жетістіктері сараланып, олардың төл мәдениетіміз бен тілімізді сақтау жолындағы ерен еңбегі талқылануда. «Әрине, ғасырлар тағылымын зердесіне тоқып, ұлттық құндылықтарымызды түрлі салаларда саралап, теориялық негізін қалаған және бүгінгі ұрпаққа аманаттаған - кешегі Алаш зиялылары. Сондықтан да, Елбасымыз айтқандай, «Алаш зиялылары Абайдан кейінгі дара тұлғалар екенін біз әрқашанда есте сақтаймыз», - деді конференцияның үйлестірушісі, профессор Дихан Қамзабекұлы. Айта кетейік, «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» конференциясы Алаш қайраткерлерінің «Оян, қазақ!» тұжырымдамасына 110 жыл және Қазақ білімпаздарының съезіне 85 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар