Астанада «Алау» мұз айдыны сарайындағы бұқаралық сырғанаудың жаңа маусымы ашылды
Енді «Алау» мұз айдыны сарайындағы бұқаралық сырғанаулар дүйсенбіден басқа күндердің барлығында жүргізіледі. Астаналықтардың сұрауы бойынша күнделікті үш сағатқа созылатын кешкі сағат 19:00-ден басталатын бір сеанс қосымша енгізіліп отыр.
Жаңа 5-ші маусымда мұз сарайының қонақтары ескі баға бойынша коньки тебуге қатыса алады. Сырғанаудың ең төменгі бағасы 250 теңгені құрайды. Кешкі сеанстың құны 1500 теңгеден жоғары болмайды.
Сонымен қатар, студенттерге арналған жеңілдіктер қарастырылған күндер ұзартылды. Жазғы жобалардың сан алуандығына қарамастан (үстел тенисінің марафоны, роликодром, дзюдо бойынша әлем чемпионаты), «Алау» мұз айдыны сарайының басты мақсаты - коньки спорты түрлерімен айналысатын спортшыларға мекен болу болып табылады.
Бүгінгі таңда коньки спортының Ұлттық құрамасы өз жаттығу жұмыстарын бастап кетті, ал қазан айының соңында «Алау» мұз сарайында коньки тебуден Қазақстан чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, шорт-трек пен коньки спорты секциясына балаларды қабылдау жалғасуда.