Астанада «Алау» мұз айдыны сарайындағы бұқаралық сырғанаудың жаңа маусымы ашылуға жақын (ФОТО)
Бұқаралық сырғанаулар сенбі күні басталады және бірқатар жақсы жаңашылдықтар енгізілген. Жаңа маусымда қонақтар бұрынғы баға бойынша сырғанау сеанстарына қатыса алады. Мұз айдынында екі сағат сырғанаудың бағасы 250 теңгеден басталады. Кешкі сеанстың құны 1500 теңгеден жоғары болмайды. Атап өту керек, енді «Алау» мұз айдыны сарайындағы бұқаралық сырғанаулар дүйсенбіден басқа күндердің барлығында жүргізіледі. Астаналықтардың сұрауы бойынша күнделікті үш сағатқа созылатын кешкі сағат 19:00-ден басталатын бір сеанс қосымша енгізіліп отыр. Сонымен қатар, студенттерге арналған жеңілдіктер қарастырылған күндер ұзартылады. Жаңа 5-ші маусымда мұз сарайының қонақтары ескі баға бойынша коньки тебуге қатыса алады. Бұл жеңілдіктерге олар барлық күндерде ие бола алады. Кәсіби спорт бағытында үлкен өзгерістер қарастырылмаған. Жазғы жобалардың сан алуандығына қарамастан (үстел тенисінің марафоны, роликодром, дзюдо бойынша әлем чемпионаты), «Алау» мұз айдыны сарайының басты мақсаты - коньки спорты түрлерімен айналысатын спортшыларға мекен болу болып табылады. Коньки спортының Ұлттық құрамасы бүгінгі таңда өз жаттығу жұмыстарын бастап кетті, ал, қазан айының соңында «Алау» мұз сарайында коньки тебуден Қазақстан чемионаты өтеді. Сондай-ақ, шорт-трек пен коньки спорты секциясына балаларды қабылдау жалғасуда.