Астанада алаяқ бөтен адамның пәтерін сатып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер пәтер сатқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі. 

Астанада алаяқ бөтен адамның пәтерін сатып жіберген

«Есіл аудандық ІІБ тергеу бөлімі 37 жастағы Руслан Хутиевке қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол сеніміне кіріп, алдап-арбау жолдарымен өзіне тиесілі емес пәтерге жалған құжат жасап, сатып жіберген, ақшаны алған бойда ізін суытқан», - делінген хабарламада.

Осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 190-бабы юойынша («Алаяқтық») тіркелді. Күдікті қамауда отыр. Полиция Руслан Хутиевтің алаяқтық әрекеттерінен жәбірленген азаматтардан Есіл аудандық ІІД-не (Қорғалшын тас жолы, 21), мына телефондарға: 8 700 099 92 69, 8 775 444 44 58, 8 (7172) 71-65-58, 71-65-57 немесе «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.