Астанада алдағы 3 тәулік бойы қар жауып, бұрқасындатады - синоптиктер

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қар жауып, қарлы бұрқасынның ұйытқуы сақталады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.
None
None

Күндіз ауа температурасы -3-тен 0 градусқа дейін болады. Түнде - 5-7 градус, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып astana.kz сайты.

 Алдын ала жасалған болжам бойынша, 13 қарашада күн  құбылмалы, кейде ашық әрі жылы,  қар түсуі ықтимал. Желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз  3-5 градус суықтықты көрсетеді, түнде  5-7 градус болады.

14 қарашада ауа температурасы О градусқа дейін көтеріледі. Түнде шамамен  5-7 градус болады, деп хабарлады синоптиктер.

Соңғы жаңалықтар