Астанада алдағы екі тәулікте бұрқасын, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсанда тәулік бойы, 9 желтоқсанда түнде Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады.
None
None

Астана қаласында 8 желтоқсанда тәулік бойы, 9 желтоқсанда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар