Астанада алдағы тәуліктерде күн жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алда үш күн бойы ауа райы жауын-шашынды болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада алдағы тәуліктерде күн жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 2 мамыр сәрсенбі күні қалада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын жел соғып, екпіні 15-20 метр болады. Түнде температурасы +3...+5°С, күндіз +11...+13°С.

Бейсенбі 3 мамырда көшпелі бұлт шығып, күндіз жауын жауады. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Температура түнде 0...+2°С, күндіз +11...+13°С.

Жұма, 4 мамырда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Жел батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 метрге жетеді. Температура түнде +3...+5°С, күндіз +16...+18°.