Астанада алдағы үш күн жаңбырлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 20 м/с-ге жетеді, кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сай ты.
None
None

Бүгін Астанада күн құбылмалы, күндіз аздаған жауын-шашын болады, найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11- +13°С, күндіз +22- +24°С.

9 маусымда қаладағы ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 м/с жел еседі. Ауа қысымы +18- +20°С. 

10 маусым күні де күн райы осындай болады деп күтілуде. Синоптиктер күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін деген болжам жасайды. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20 м/с. Ауа температурасы +20 °С болады.

Соңғы жаңалықтар