Астанада алдағы үш күнде көктайғақ сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулікте елордада аздаған жауын-шашын болып, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
16 қарашада: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз 0...+2°С.
17 қарашада күн ала бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрден болады. Температура түнде -1...-3°С, күндіз 0...+2°С шамасында.
Ал 18 қарашада күн бұлттанып, жауын-шашын мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан басталып солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-4 метрден 15-20 метр секунына дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -...1+1°С, ал күндіз 0...+2°С.