Астанада алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында елордада -17 градус шамасында суық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбі, 24 желтоқсанда Қазақстанның бас қаласында күн райы құбылмалы болады, қар жаумайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -26...-28 °С, күндіз -20...-22 °С.

«25 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде -30...-32 °С, күндіз -20...-22 °С көрсететін болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сәрсенбі, 26 желтоқсанда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы -27...-29 °С, күндіз -17...-19 °С құрамақ.