Астанада алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте Астанада ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болмақ

8 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан жел 5-10 м/с. Түнде температура +15...+17°С, күндіз +28...+30°С.

9 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура түнде +17...+19°С, күндіз +31...+33°С.

10 тамыз: көшпелі бұлт, күндіз жауын, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 5-10, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +18...+20°С, күндіз +29...+31°С.