Астанада алдағы үш жылда 6 мектеп пен 8 балабақша салынады

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат -Астанада А.Байтұрсынов көшесі, М.Жұмабаев даңғылы және «Ударник», «Мичуринец» саяжай кооперативтері аумағында жаңа мектептер мен балабақша салынатын болады.
None
None

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Құрылыс басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Биылғы жылы аталған ауданда бірқатар мектептер салу қарастырылған. Атап айтқанда: № 41 және Мирзоян көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп, №50 және Ш.Қалдыаяқов көшелерінің оңтүстігіне қарай 1200 орындық мектеп, сондай-ақ Сарайшық көшесінің оңтүстігі мен М.Жұмабаев даңғылының шығысына қарай 1200 орындық мектеп салынады.

Ал 2015 жылы А.Байтұрсынов көшесі бойында М.Жұмабаев даңғылының батысына қарай 1200 орындық, Мирзоян көшесі мен Нәжімеденов көшесінің қиылысында 1200 орындық (жобаланған) және 41а көшесі мен Жұмабаев даңғылының шығысына қарай (жобаланған) мектептер салынатын болады.

Балабақшаларға келетін болсақ олар - 2013 жылы Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында (240 орындық), Айнакөл көшесі мен М.Жұмабаев даңғылының қиылысында (240 орындық), сондай-ақ, Ж.Нәжімеденов және Мирзоян көшелерінің қиылысында( 240 орындық) салынатын болады.

Ал 2014 жылы балабақшалар А.Байтұрсынов көшесі мен М.Жұмабаев даңғылының шығысында (жобаланған) және Мирзоян көшесі мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында салынбақ.

2015 жылы мектепке дейінгі мекемелерді М.Жұмабаев даңғылы мен Ш.Қалдыаяқ көшелерінің қиылысында (жобаланған), 41а көшесі мен М.Жұмабаев даңғылының шығыс бөлігінде (жобаланған), сондай-ақ Сарайшық көшесінің оңтүстігі мен М.Жұмабаев даңғылының батыс бөлігінде салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар