Астанада «Әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту қарсаңында 18 қараша күні «Елбасы Кітапханасы» Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, «Әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасынан.
Шараны ұйымдастырушылар жиын барысында online режимінде мұғалімдермен тәжірибе алмасады. Дөңгелек үстел жұмысына Астана, Алматы және облыс педагогтары, жалпы саны екі мыңнан астам мұғалім қатысады.
Шараның мақсаты - ақпараттық-насихаттау жұмыстары барысында педагогикалық жаңашылдықтарды жүйелі, кең түрде қолдану.