Астанада Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасы қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның қатысушылары Астанада Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспардың тұжырымдамасын қабылдайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков мәлім етті.

Астанада Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасы қабылданады

Әлемдік құжаттың жобасын даярлауға халықаралық алдыңғы қатарлы ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттар, іскерлік және ғылыми топтар, cондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, беделді саясаткерлер, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Аталған құжат дағдарыстан шығу тұрғысында әлемдік қоғамдастыққа нақты жолдарды ұсынады.

Айта кетейік, II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның аясында үш панельдік секция, екі ашық пікірсайыс шаралары өтеді. Онда министрлер мен орталық банктердің басшылары, көшбасшылар диалогтары ұйымдастырылмақ.