15:48, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Астанада әлемнің танымал кардиохирургтары бас қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 29-30 тамызда Назарбаев Университеті және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігінің қолдауымен III Ұлттық Кардиохирургтар конгресі өтеді. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараны аталған компания Бүкіләлемдік кардиоторакалды хирургтар қоғамы және Чикаго Университетімен бірлесе отырып ұйымдастырған. Оған 500-ден астам маман қатысады. Соның ішінде, әлемнің үздік 47 кардиологы бар. Жиын аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жаппай жүгіру шарасы өтеді. Rixos отелінен бастап, Арай саябағына дейін ұйымдастырылған қоғамдық шараға әлемнің танымал кардиохирургтары да қатысады.