Астанада әлеуметтанушылар конгресі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Үшінші жаңғыру мәселелеріне арналған VI әлеуметтанушылар конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада әлеуметтанушылар конгресі өтіп жатыр

Конгрестің бірінші күні жас әлеуметтанушылар форумы, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған семинарлар ұйымдастырылуда.

Екінші күні Ұлттық академиялық кітапханада Астананың 20 жылдығына арналған «Астана жетістіктер мекені - Еуразия төріндегі жаңа қала, жаңа идеялар, жаңа шынайылық» атты пленарлық отырысы өтеді.

Конгресс жұмысына шетелдік әлеуметтанушы мамандар да қатысуда, атап айтқанда Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы Элоиза Мартин, одан бөлек Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ, Германия елдерінің өкілдері қатысуда.

Айтулы шарада қаралып жатырған өзекті мәселелер ол - азаматтық қоғамды құру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және БҰҰ-ның даму бағдарламасы аясындағы әлеуметтік зерттеулерді таныстыру.

Конгресс барысында елімізде әлеуметтану ғылымының дамуына үлес қосқан әлеуметтанушы ғалымдар марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конгресс жұмысының нәтижесі бойынша материалдардың жинағы «Әлеуметтану - Sociology» журналының арнайы басылымы әзірленеді.

Айта кетейік, аталған шараның ұйымдастырушылары - ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның әлеуметтанушылар қауымдастығы қоғамдық ұйымы.