10:06, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Астанада әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы АКТ туралы халықаралық конференция басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiқалықова және Халқаралық әлеуметтiк қамсыздандыру қауымдастығының президентi Эррол Фоанк Стувенiң қатысуымен ел тұрғындарын әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың озық жетiстiктерi туралы XIV халқаралық конференция ашылды.

"Әлеуметтiк қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегi АКТ саласының стандарттары мен бiрыңғай шешiмдерiн қабылдау жолдары" атты конференцияға Дүниежүзiлiк банктiң, Халықаралық еңбек ұйымының өкiлдерi мен жеке компаниялардың қызметкерлерi қатысуда.
"Бүгiн бiз әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану туралы 14-шi халықаралық конференцияны өткiзiп отырмыз. Халықаралық әлеуметтiк қамсыздандыру қауымдастығымен бiлесе отырып ұйымдастырылған конференциямыз жемiстi өтедi деген сенiмдемiн", - дедi конференцияны бастай отырып Денсаулық сақтау және әлеуметтәк даму министрi Тамара Дүйсенова.