Астанада әлеуметтік нысандар салуға 420-дан астам учаске анықталды
Қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, мектеп салу үшін – 158 учаске, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар үшін (емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтары) – тағы 78 учаске белгіленген. Медициналық орталықтардың саны жаңа тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында ашылатын медициналық мекемелерсіз көрсетілген. Әлеуметтік нысандарды салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаяды.
Елордада тұрғындардың қатысуымен 2035 жылға дейінгі қаланың бас жоспарының жобасы талқылануда. «Астана бас жоспарында» болашақ әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар) орналасуы көзделген. Қаланың бас жоспары жобасы аясында қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, 2035 жылға дейін нысандарды бұзу сынды түрлі бағыттар қарастырылған.