Астанада әлеуметтік нысандардың 90 пайыздан астамы қысқа дайын
АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада әлеуметтік нысандардың 90 пайыздан астамы қысқа дайын, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.
«Астана Теплотранзит» АҚ ақпаратына қарағанда, елордадағы тұрғын үй қоры 2022 бірлікті құрайды. Қазіргі уақытта 1 869 тұрғын үйде (немесе 92 пайызында) жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау саласындағы 27 нысанының 25-і барлық негізгі жұмыстарды жүргізіп, алдағы қысқа әзір. 126 білім нысаны бойынша дайындық деңгейі 98 пайызды құрайды. Астананың 12 мәдениет нысаны түгелдей дайындық төлқұжаттарын тапсырып, қысқа жүз пайыз дайын екендерін мәлімдеді.