Астанада әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлер баспаналы болды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерге жаңа 36 пәтердің  кілттерін табыс етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери қызметшілер, әртістер, журналистер, мемлекеттік қызметшілер, мүгедектер, денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары Қазақстан Президентінің құрылыс саласы мен үлескерлер мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасы аясында жалдық баспанаға ие болды.

Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде Астанада құрылысы аяқталмаған құрылыс нысандарынан 6203 пәтер сатып алынып, олар Қазақстан Президентінің құрылыс саласы мен үлескерлер мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін арендаға беріледі деп шешілген болатын. Міне, соның есебінен «Батыр» және «Эверест» тұрғын үйлерінен сатып алынған пәтерлер бүгін 36 адамға беріліп отыр.

 «10 жыл бұрын осында көшкенде елорда аз уақытта ғажайып қала болады деп кім ойлаған. Енді осы қалада өздеріңіз тұрып, еңбек етіп жатырсыздар. Еселі еңбектеріңіз, маңдай терін төгіп жатқан қызметтеріңіз Елбасының жадында. Оны бағалап отырады, оның ішінде жас кадрларды бағалайды», деді И.Тасмағамбетов құттықтау сөзінде.

Соңғы жаңалықтар