Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 139 әлеуметтік нысан орталықтандырылған жылмен жабдықтау жүйесіне қосылды.

жылу
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

«Қала мәслихатының шешімімен бекітілген Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады. Алайда, әлеуметтік нысандарды жылуға қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.) қосылған», - делінген қалалық әкімдіктің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Осыған дейін Астанада тозығы жеткен жылу жүйесі жаңғыртылып жатқанын жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар