Астанада алғаш рет Азия біріншілігі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 2017 жылғы 13-16 шілде аралығында елордамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «каратэ-до» олимпиадалық спорт түрі бойынша чемпионаттар  өткізіледі. Атап айтсақ, ересектер арасында 14-ші Азия чемпионаты, кадеттер мен жасөспірімдер арасында 16-шы Азия чемпионаты өтеді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл байрақты бәсекеге 30-дан аса елдің  700-ден астам  үздік спортшылары бақ сынасады.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, «каратэ» жапон тілінен аударылғанда «қаурысыз қолмен айқасу» деген мағынаны білдіреді. Тарих деректеріне куөз жүгіртсек, спорттық жекпе-жектің бір түрі бұл түрі  15 ғасырда Окинава  аралдарында пайда болған. Халық аузындағы аңыздарға сүйінсек, сол кездегі князь Се Хайси жапон халқына қару ұстатпаған. Бірақ сырт жаудан қорғанудың тәсілін іздеген халық каратэ өнерін, яғни қарусыз қорғанудың бір түрін өмірге әкелген. Каратэде екі қарсылас бір бірінің денесінің неғұрлым осал тұсына қолымен және аяғымен соққы беруге асығады.

Тағы бір айта кететін жайт, каратэ өмірге енді келіп жатқан уақытта Окинава аралдарының тұрғындары Жапониямен емес, Қытаймен көбірек байланыста болған. Сөйтіп, Каратэ Қытайдың кунг фу қарусыз күрес түрімен қатар дамыған. Кейінгі жылдары бұл күрес өнері тез қарқынмен дамып, көптеген қазақ жастары Каратэ түрлерінен Дүниежүзі, Азия чемпионы атақтарын иемденді.

Қазақстандағы чемпионаттар Орталық саябақта орналасқан «Дәулет» СК-да өтеді. Айта кетейік, жарыстардың ұйымдастырушысы - Азия каратэ-до федерациясы (АКФ) және «ҚР каратэ-до федерациясы одағы» ЗТБ және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.

Азия біріншілігі елімізде тұңғыш рет өтетінін атап өткен жөн. Бұған дейін  Малайзия, Сингапур, Жапония мен Қытай сынды алпауыт мемлекеттерде ұйымдастырылған. Бұдан бөлек,  бұл континеттік чемпионатта рейтингтік ұпайлар беріледі. Яғни, Токио-2020 олимпиада ойындарына спортшылардың ұпай жинауға мүмкіндіктері бар. Осы орайда айта кеткен жөн, қазіргі тарихта  2016 жылдың 3 тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада комитетінің отырысында «WKF каратэ-до» 2020 жылы Токио Олимпиадасында көрсетілген олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді.

Сонымен қатар, каратэ-додан Қазақстан намысын құрайтын Ұлттық құрама да осал емес. Оның  қатарында  әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлерінен құралған 70  үздік спортшы ел намысын қолдан бермеуін бағады. Айта кетейік, спортшылар арасында  кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы Сағындықов Ринатта бар.  Оның жалпы ұпай саны - 1215.  Ол  67 келі салмақта өз шеберлігін көрсетпек.

Көрермендер Азия чемпионатының сайыстарымен қатар, жарыстың ашылу салтанатын да тамашалайды. Онда қазақ және елімізде мекендейтін басқа ұлттардың мәдени мұрасы, сондай-ақ бірегей ерекшелік - еліміздің көпұлттылығын көрсетеді.

«Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы 13-16 шілде аралығында өтетін жарысты жан-жақты насихаттауға атсалыспақ. Жаңалықтар қызметі арнайы сюжеттер әзірлейді. Ал, 16-шілде күні 19 шілде күні, сағат 20:40-та «Kazsport» телеарнасының эфирінде Азия чемпионатының финалдық кездесулері көрсетілетін болады.  

 

Соңғы жаңалықтар