Астанада алғаш рет мемлекеттік қызметкерлердің арасында қазақша күрестен белдесу өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астаналық циркте мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақша күрестен белдесу өтеді., деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астанада алғаш рет  мемлекеттік қызметкерлердің арасында қазақша күрестен    белдесу  өтеді

Өткелі отырған сайысқа еліміздің 30-ға тарта мемлекеттік мекемесі өз қатысушыларын дайындаған. Олардың қатарында ҚР Жоғарғы соты, ҰҚК, Қаржы полициясы, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Мәдениет, Әділет, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация министрліктері, сонымен қатар он облыс пен Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерінде қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер бар.

Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Жарысқа қатысушыларға қойылып отырған міндетті шарт - олардың

мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы керек.

Палуандар белдесуіне демеушілік көрсетіп отырған меценат, кәсіпкер, «Құрмет» орденінің иегері Оралбек Ботбай бас жүлдеге алтын түсті «Ниссан» автокөлігін тігіп отыр.