Астанада «Алпамыс» сахналанады

Атадан - балаға, ұстаздан - шәкіртке жалғасып бүгінге жеткен Алпамыс эпосының бірнеше нұсқасы бар. Соның ішінде ең толық нұсқасы ХІХ ғасырда Қаратау өңірінде өмір сүрген ақын Майкөт Сандыбайұлының жырлауымен бізге жеткен. Оны қазақ фольклорының жинаушысы Һәм зерттеушісі Ә.Диваев ақынның айтуымен жазып алған.
Алпамыс эпосын сахнаға лайықтап қайта жазған - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы. Музыкасын жазған - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенов. Режиссері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылханұлы.
Алпамыс бейнесін актер Жанқалдыбек Төленбаев сомдаса, Гүлбаршын ролінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлзира Бөкейханқызы ойнайды.
Аталған қойылым 2010 жылы көрнекті мемлекет жән қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің ұсынысымен ҚР Президенттік мәдениет орталығының концерт залында сахналанған болатын. Қойылымды тамашалауға зиялы қауым, баспасөз және ақпарат өкілдері шақырылып отыр.