Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада - Алтын күз (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордамызға сары ала тонын жамылып алтын күз келді. Бүгінде жадыраған жаздан шыққан ел қыс қамын ойластырып жатыр.

Астанада - Алтын күз (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай», - деп сипаттайды күз мезгілін хакім Абай.

Шынымен де қаланың өңі өзгерді. Бас қаланың көшелерінде қоңыр күздің лебі сезіледі: күн суытты, ауа райы сан құбылып, жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр...

Алайда, қоңыр күздің келіп жеткеніне қарамастан халықтың көңіліне кірбің түспесін, жүзін мұң шалмасын дегіміз келеді. Өйткені алтын күз - береке, молшылықтың, байлықтың кезі.