Астанада Алтынсарин көшесі жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Алтынсарин көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .
None
None

12-20 шілде аралығында Есенберлин мен Гете көшелері арасындағы жол участкесінде асфальтбетон жабынын қайта салу жүргізіледі. Сондықтан аталған көшеде көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады.

Қала әкімшілігі көшелерде кептеліс тудырмас үшін жүргізушілер өз бағыттарын алдын ала белгілеп алуын сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар