Астанада Әлжан Ержігіттің құрылыс компаниясынан жапа шеккен үлескерлер іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана Ішкі істер департаменті «Алға Тоқболат» ЖШС қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Астанада Әлжан Ержігіттің құрылыс компаниясынан жапа шеккен үлескерлер іздестірілуде

1978 жылы туған Әлжан Ержігіт Тұран даңғылы бойында салынып жатқан көпфункционалды тұрғын үй кешенінің бас мердігері «Алға Тоқболат» ЖШС директоры болып табылады. Әлжан Е.Ә. 2013-2015 жылдары аралығында 200 инвестормен 1 млрд. 600 млн. теңгеге келісімшарт жасасқан. Дегенмен келісілген мерзімде құрылысты аяқтамаған. 8 қыркүйекте департаменттің тергеу басқармасы Е.Ә. Әлжанды ҚР ҚПК 128 бабы бойынша ұстап, Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамады. Астана ІІД Әлжан Е.Ә тарапынан жапа шеккен барлық азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 71-63-41, 8-707-900-88-18.