Астанада амбулаторлық науқастарды дәрімен қамтамасыз етудің ілкі жобасы жүзеге аса бастады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат  - Астана қаласында амбулаторлық науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің ілкі жобасы жүзеге аса бастады.

Астанада амбулаторлық науқастарды дәрімен қамтамасыз етудің ілкі жобасы жүзеге аса бастады

Бұл туралы бүгін Астана қаласындағы №4 емханада өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак мәлім етті.

Комитет өкілінің айтуынша, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта бүгінгі күні  Астанада «Науқастарды электронды тіркеу және амбулаторлық деңгейде есепке алу» порталын құру барысында бағдарламамен қамтамасыз етуді сатылап енгізудің ілкі жобасы жүзеге асуда.

«Бұл жүйе бір пациенттің бірқатар емханалардан өзінің ауруына байланысты әртүрлі нұсқаулықтар алуын болдырмауға және сол пациенттің бір ауру түрі бойынша бірнеше емханалардан дәрі-дәрмектер мен препараттар алуын болдырмауға арналады. Бұл бағдарлама бойынша әрбір дәрігердің, сондай-ақ әрбір пациенттің жеке коды белгіленеді. Осының арқасында бір науқасқа бірнеше емханадан дәрілік препараттар алуына жол берілмейді», - дейді Л.Пак. Оның айтуынша, бағдарламаны тиімді тұстары басым.