Астанада аналар күні тойланды
АСТАНА. KAZINFORM – Аналар күніне орай елордалық тұрғындар мерекелік іс-шара өткізді.
Солардың бірі «Мадрид» тұрғын үй кешенінде ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында аталған тұрғын үйдің кішкентай тұрғындары аналарына арнап ерекше сый жасады. Өз кезегінде аналар балаларға сүйікті тағамдарын әзірлеп, дастарқан жайды.
«Ана болу – керемет сезім. Аяулы жандар бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Аналар қауымын әлем бойынша тойланып жатқан айтулы мерекемен құттықтаймын», - деді көпбалалы ана, әже Баян Тайжанова.


Айта кетейік, Аналар күні елімізде мамыр айының екінші жексенбісінен бастап атап өтіледі.
Бұл мереке ана болудың маңыздылығын, аналарды құрметтеуді және олардың қоғамдағы рөлін дәріптеуге арналған. Сондай-ақ осы бағытта Неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шара жоспарланған.