Астанада әнші Әлия Әбекенованың «Наурыз мейрамына» арналған «Ән гәккуі» атты жеке концерті өтеді

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 22 наурызда Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында қазақстандық жас әнші Әлия Әбекенованың «Ән гәккуі» атты жеке концерті өтеді, деп хабарлады «МедиаБәйтерек» баспасөз қызметі.

Астанада әнші Әлия Әбекенованың «Наурыз мейрамына» арналған «Ән гәккуі» атты жеке концерті өтеді

Оған сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова, «Тарту» тобы, орындаушы Ләззат Жанаманова, әжелер хоры, «Терра» би ұжымы қатысады. Концерт көктем мерекесі - Наурыз мейрамына арналып отыр.

Әлия көрермен қауымға фольклорлық ән жанрындағы шығармаларды ұсынады. Оның репертуарында белгілі халық әндері бар. Оның «Өмірге сауал», «Өкініш тамшылары» сияқты композициялары көрермен көзайымына айналды.