Астанада әнші-сазгер Роза Әлқожаның шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 31 маусымда сағат 12:00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада әнші-сазгер Роза Әлқожаның әндері мен өлеңдер жинағының тұсаукесері болады. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

«Розаның орындаған әрбір әні тыңдаушы жүрегінен орын алып, ғашықтардың сезім пернесін шертті. Оның орындауындағы «Мен сыйға тартқан орамал», «Іздемейсің», «Ақберен», «Ол көктем оралмайды», «Мына өмір ғажап қандай», «Жүрек назы» әндері әрбір көрермен қосыла шырқайтын әнге айналды», - делінген хабарламада.

Жастайынан жанына өлеңді серік етіп өскен Роза алғашқы шығармашылық кешін туған өлкесі - Мақтарал өңірінде өткізіп, елдің батасын алды. Содан бері еліміздің түкпір-түкпіріне ән сапар жасап, жаны да, әні де жарық нұрларға толы, нәзік жүрек пен әсем дауыстың иесі көптің көңілінен шығып келеді.

Шара 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. Тек жаңа әндері ғана шырқалатын кештен бір күн бұрын «Қазақ толқыны» студиясынан дайындалып шыққан Розаның өз орындауындағы жаңа әндерінің, авторлық әндерінің, облыс орталықтарында, Алматы қаласында өткен ән кештерінің және өлеңдерінің таспасының тұсауы кесілмек.

Айта кету керек, тұсаукесер кешінің қонақтары: айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, ақын Бақытгүл Бабаш, журналист Айдын Қаба, визажист-стилист Ержан Айтқали және тағы басқалар.

Соңғы жаңалықтар