Астанада антикварлық зергерлік бұйымдар көрсетілді

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Астаналық Алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайында антиквар зергерлік бұйымдары мен «Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» декоративті-қолданбалы өнер заттарының көрмесі ашылды,

Астанада антикварлық зергерлік бұйымдар көрсетілді

деп хабарлайды astana.kz сайты.

«Көрермендер назарына зергерлік бұйымдар мен бас киімдер, ер-тоқым әбзелдері, коллекционер-этнограф Е. Даубаев жинаған XVIIІ мен ХХ ғасырларда қолданған қазақ халқының көне бұйымдары қойылды», - деп мәлім етті көрмені ұйымдастырушылар.

Экспозицияға қойылған барлық зергерлік және декоративтік-қолданбалы өнер заттары қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, мыңдаған ғасырлар бұрынғы тұрмыстық болмысымен тығыз байланысты және оның даму көкжиектерін көрсетеді.

Сондай-ақ, аталған көрмеде қазақ халқының қыздары киетін сәукеле түркі әлеміндегі теңдесі жоқ бас киім болып табылады. Ол бойжеткен қыздың ең басты жасауының бірі ретінде де саналған. Анасынан қызына сәттіліктің, ақыл мен парасаттың нышаны түрінде беріліп отырған.

Біздің заманымызға жеткен қазақ халқының бай мәдени мұрасы Тәуелсіз Қазақстан үшін тек баға жетпес құндылықтар ғана емес, тарихи-мәдени тәрбиелік мәні зор жас ұрпаққа рухани тәрбие беру құралдары болып та саналады.

«Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» декоративті-қолданбалы көрмесі Алтын және бағалы металлдар Мемлекеттік мұражайының Күміс залында 5 мамырға дейін жалғасатын болады.