Астанада АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшылары марапатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшылары марапатталатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төрағалық АӨСШК мерейтойлық медалін форумға қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларына табыстау туралы шешім қабылдады. Әріптестеріме, яғни мемлекет басшыларына, президенттерге, делегация басшыларына форумға белсенді қатысқандары үшін шын жүректен алғыс айтамын», - деді Қасым Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде.

Осы орайда Қазақстан Президенті бүгінгі пікіралмасулар саммиттің табысты өтуіне ықпал еткенін атап өтті.

Айта кетейік, ж оғары деңгейдегі кездесу АӨСШК-ні құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатыр. Саммитке мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылды.



Photo: t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар