Астанада апатты баспана тұрғындарына арналған алғашқы үй пайдалануға берілді

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Астанада апатты баспана тұрғындарына арналған алғашқы үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау бойынша өткен пресс-турда «Елорда даму» ЖШС директоры Төлепберген Қойшыбаев мәлім етті.
None
None

«Бүгінде біз «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тағы бір жобаның іске асып жатқанына куә болып жатырмыз. Астанада алғаш рет қолға алынған апатты баспананы бұзу жобасы аясында бірінші тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліп отыр. Бес қабатты үйде 90 пәтер бар. Оның жалы көлемі - 3,6 мың шаршы метр», - дейді Т.Қойшыбаев.

Айта кетейік, жақында өткен Үкімет отырысында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун ағымдағы жылдың соңында апатты жағдайда тұрған 11 үйдің тұрғындары жаңа баспанаға кіреді деп мәлімдеген болатын. «Дәл қазір елордада 6 тұрғын үй салынып жатыр. Онда барлығы 1,5 мың пәтер бар. Ағымдағы жылы біз 4 нысанды пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Сөйтіп, 15 желтоқсанға дейін апатты жағдайда тұрған 11 көппәтерлі үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшірілетін болады», - деп атап көрсетті С.Хорошун. Оның айтуынша, бүгінде тағы 5,5 мың пәтері бар 5 жаңа тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар