Астанада апатты үйлердің тұрғындарын көшіруге кім жауапты
Нұр-Сұлтан қаласындағы сүрілетін үйлердің тұрғындарына жаңа баспана салу ісі револьерлік жүйемен іске асады.
Яғни, әр жылдың құрылыс қаражаты алдыңғы жылы түскен кіріс есебінен алынады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары редакцияның сауалына жолдаған жауабында айтты.
«Апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін жаңа тұрғын үйді абаттандыру «Елорда даму» ЖШС-не жүктелді. Бағдарлама шарттары бойынша серіктестік салынған тұрғын үйдің бір бөлігін кейіннен апаттық үйлердің тұрғындарын көшіру үшін коммуналдық меншікке береді. Қалған бөлігі жылжымайтын мүлік нарығында өткізіледі. Ал кірістер жаңа құрылысқа қайта инвестицияланады. Абаттандыру көрсеткішіне келсек, 2017 жылдың соңына қарай – іске қосу көлемінің 30%, 2018 жылдан 2020 жылға дейін іске қосу көлемінің 10%, 2021 жылдан бастап-іске қосу көлемінің 15% -дан аспайды» деп жазылған басқарманың мәліметінде.