Астанада апатты жағдайда қонған Боинг ұшағына қатысты тергеу жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайына қонған «Скат» әуе компаниясының Боинг-757 ұшағының тежегіш жүйесі істен шығып кеткен. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне Астана әуежайынан хабарлады.

Астанада апатты жағдайда қонған Боинг ұшағына қатысты тергеу жүргізілуде

«2014 жылдың 1 сәуірінде 4 сағат 10 минут шамасында Бангкок-Астана бағытындағы «Скат» әуе компаниясының Боинг-757 ұшағының сол жақ шассиі қону барысында істемей қалды, салдарынан төрт дөңгелектің желі шығып, түтіндеді», - деп жазылған хабарламада.

Ұшақ бортында 171 жолаушы мен экипаждың 9 қызметкері болған. Оның ішінде 49-ы - балалар. Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Тергеу жұмыстары басталды.