Астанада апта соңы жаңбырлы болады

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада осы аптада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Жұмыс аптасының соңында күн жылы, бірақ жауын-шашынды болады.

Астанада апта соңы жаңбырлы болады
Түнде ауа температурасы +8+13°C, күндіз +12+25°C-ты құрайды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады. «Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°C, күндіз +23+25°C болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына Қазгидрометтен. Ал апта соңында (бейсенбі күні) күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°C, күндіз +19+21°C болады. Жұма күні синоптиктердің болжамынша күн ала бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°C, күндіз +12+14°C-ты құрайды.